Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмарал Науатбек дзюдодан Париж Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Қазақстан құрамасының спортшысы Ақмарал Науатбек Париждегі жазғы Паралимпиа ойындарында Пара дзюдодан алтын жүлде үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Ақмарал Науатбек Паралимпиа ойындарының алтын жүлдесіне таласады. 48 келі салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түскен Ақмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық спортшы Джахиде Экемен белдесті. Ақмарал Науатбек қарсыласын 11:0 есебімен айқын жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол Паралимпиада ойындарының алтын медалі үшін күреседі. Финалдық белдесу бүгін, 5 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады. Ақмара Науатбек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының ширек финалында Үндістан дзюдошыссы Кокиладан 10:0 есебімен басым түскен. Енді ол финалда жергілікті спортшы Сандрин Мартинетке қарсы күреседі. 

Еске сала кетейік, Ақмарал Науатбек 2022 жылғы әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Ол Париждегі жарыстың басты фавориттерінің бірі ретінде барды. 

Талқылау