Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова сенат құрамынан шықты
Парламент сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарованың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтатуға қатысты дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Пленарлық отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерінің бірі сенатор Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты сенатор өкілетін тоқтату болды.
“Президент жарлығымен 6 ақпаннан бастап Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты орталық сайлау комиссиясы Конституцияның “Парламент пен депутаттардың дәрежесі” туралы бабына сәйкес Ақмарал Әлназарованың сенат депутаты ретінде өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді”, – деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды