Әкімдіктің қолдауымен өткен: Шымкентте концерт ұйымдастырғандарға айыппұл салды
Шымкентте карантинді бұзғаны үшін жергілікті әкімдіктің қолдауымен өткен концертті ұйымдастырушыларға айыппұл салынды. Шоу Наурыз алаңында өткен. Шамасы, ұйымдастырушылар көп адам жинала бастайды деп ойламаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарық шамдар, қатты музыка, түтін және драйв. Ұйымдастырушылар карантиннен шаршаған жастардың көңілін осылай көтермек болған. Міндетті шарт автокинотеатр форматы болды. Барлық көрермендер автотұрақта өз орындарын алуы және көліктерінен екі метрден алыс кетпеуі керек еді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер саны қатаң шектелген. Алайда, бірдеңе дұрыс болмады. Сахна алдында үлкен топ жиналды, оларды полиция қызметкерлері әрең ұстап тұрған.
"Адамдар қатты әуенге жинала бастады, және, әрине, мұндай жағдайда санитария талаптары сақталмады. Сондықтан қазіргі уақытта полиция мен санэпидемиологтар концертті ұйымдастырушыларға айыппұл салды", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген