Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдердің алдында айтқызбайды": Азия мен Бақай тобы неге "Кредит" әнін орындай алмай жүр

Азия мен Бақай тобы неге "Кредит" әнін орындай алмай жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әкімдердің алдында айтқызбайды

"Атың өшкір кредит" деп ән салып, халық арасындағы үлкен мәселені көрсеткен өнер иелерін жұрттың  бірі сынның астына алып, не болса соны ән қылдыңдар деп сөксе, енді бір астарлы туынды деп мақтаған. Алайда "Кредит" әні биліктегілерге жақпай қалған сияқты.

"Бұл да бір тәжірибе болды. Біреу түсінсе, біреу түсінген жоқ. Әркімнің өзінің санасына берсін. Үлкен сахналарға шығатын кезде, әкімдерің алдына шығатын кезде айтқызбай тастаған кездер болды", - дейді "Азия" мен "Бақай" тобы.

Қазіргі таңда әншілер әніміз жетер жеріне жетті деп мақтанып отыр. Олар несиесі бар адамдар туындыны толық түсінетінін айтқан. 

"Әр әннің өзінің бағытталған адамы болады. Сондықтан да бұл туындымыз мекен-жайына жеткен сияқты. Мұны тек несиесі барлар түсінеді", - дейді "Азия" мен "Бақай" тобы.

Талқылау