Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдер қалалар мен елді мекендерді жаяу аралауы керек – Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қалалардың жай-күйіне тоқталды деп хабарлайды  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, балалар ойнайтын алаңқайлар толық жабдықталмаған, үйлер ескірген. 

"Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл – муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?" – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүріп аралауы қажет екенін айтты. 

"Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалардың жағдайы көңіл көншітпейді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Мысалы, Семейдегі балалар алаңында ойнау қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", – деді Президент. 

Талқылау