"Ақылы жолға қарсымыз": Маңғыстаулық жүргізушілер тағы да наразылыққа шықты
Маңғыстау облысында жүргізушілері үшінші рет ақылы жолдарға қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақтау-Лада" газетіне сілтеме жасап.

Бұл жолы жеңіл көлік иелері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне қосылды. Жүргізушілер Ақтау қаласының маңындағы тас жолды жауып тастаған.
"Бүкіл Қазақстан ақылы жолға қарсы. Біз де олармен біргеміз, сондықтан наразылығымызды білдіру үшін жиналдық", - дейді наразылық білдірушілер.
2021 жылғы маусымнан бастап жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 18 жол ақылы жолға айналады.
Ақылы жолға қарсы митингтер Қазақстанның әр аймақтарында өтіп жатыр. Бұған дейін Атырау мен Шымкенттің жүргізушілері наразылық акцияларына шыққан.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.