Әкесін үлгі тұтады: Иманбаева ұлының Сәбит Әбдіхалықовпен ара-қатынасы жайлы айтты
Алтынай, Сәбит, Айгүл! Жұлдызды үштіктің хикаясы әлдеқашан аяқталғанымен, халық әлі күнге дейін Жорабаеваға да, Иманбаеваға да жеке өміріне қатысты сауалдар жолдайды. Әкесі ұлымен араласа ма? Қыздарына көмектесіп тұра ма? Сәбит Әбдіхалықов қазір қайда? – Иә, актердің бұрынғы екі келіншегіне де жиі жолданатын сауалдар легі осындай, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл орайда Айгүл Иманбаева Hit-TV арнасына, Нұржан Аташтың “Кездер-ай” бағдарламасына сұхбат беріп, ағынан жарылды. Ол баласының әкесімен қандай қарым-қатынаста екенін ашып айтты.
“Екеуінің қарым-қатынасы менен жақсы. Бәрібір ұл бала әкеге жақын болуы керек. Одан кейін әкесін “идеал” тұтады. Ол да жақсы. Қыз балаға да өз анасынан артық “идеал” жоқ қой, сол сияқты ұл балаға да әкесінен артық “идеал” болмайды деп ойлаймын. Бірақ аралары ажыраған емес, қазір тіпті өте жақын. Соңғы жылдары әкесінің жеке басындағы өзгерістерге байланысты баласы тіпті жақын. Қолдап, демеп, көбірек хабарласып тұруға, қасында болуға тырысады. Мен, тіпті әкесінің кей жобаларды ыңғайластырып бергенін баламнан естіп жатырмын. Енді сол жобаларды жасауға ұлым Прагадан келе жатыр”, – дейді Иманбаева.
Актриса ұлы мен әкесінің жақын қарым-қатынасына қуанышты екенін айтады. Ол бес күндік жалған дүниеде жалғыз атұстарының әкесімен жауласып, пайда таппаспын деген пікірде.
“Оған тек қана қуанамын. Кім қанша өмір сүреді, бір Алла біледі. Мен ерте кетемін ба, әкесі ерте кете ма, бір Құдайдың қолында. Сондықтан мынау бес күндік жалғанда күндесіп, бет жыртысып, сенікі-менікі, болмайтын бишара күйге түсетін болсақ, біздің кісілігіміз қайда қалады? Өнер жолында жүргендігіміз қайда қалады? Өнердің өзі тазалықты, кеңдікті талап етеді. Сол себепті көрсін, тәрбиесін алсын, ақылын айтсын. Мен тек қуанамын, ана ретінде тілекшісі болып отыруға да дайынмын”, – дейді Айгүл.
Тағы оқыңыз:
Қазақ келінін қалады: Аиша ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтып берді
Өз пайдасы үшін: Әнші Кентал 18 тойда тегін ән салды (видео)
Жазира Байырбекова туған ағасының өзіне ренжігенін білмейтін болып шықты
Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады