Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз пайдасы үшін: Әнші Кентал 18 тойда тегін ән салды (видео)

Бұрын Талғат Кенжеболатовтың аты аталса, «SuperStar KZ», «Х-фактор» сынды байқаулар ойға оралатын еді. Бірақ, мына видеоға қарап, бүгінде Кенталдың, той әншілерінің тізімін толықтырғанын аңғармау мүмкін емес. Ол тіпті жас жұбайлардың қуанышында тегін өнер көрсетіп жүрген көрінеді. Әншінің көздегені не?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Кентал кезекті клипінің тизерін желіге кеше жүктегенімен, бұл бейнебаян өткен жылдың тамызында түсірілген. Көктемді сарыла күткен сері, тың туындының тұсауын той науқанының қарсаңында кесуді көздеп келген екен.

“Себебі тойдың бәрі жазда. Сондықтан менің сабыр етіп, күткенім сол. Енді уақыты келді. Сол жарыққа шығардым”, – дейді Кентал.

Осы уақытқа дейін сезімге толы әндерді шырқаған Кенталдың, жаңа видеосы «Құдағи» деп аталады.

“Мақсат тойға шығу. Осындай ән керек екен тойға. «Қазақтың тойы бітпесін» – деп арнайы шығарғанмын ғой сол әнді”, – дейді әнші.

Клиптің сюжетінде жас жұбайлардың қуанышты күні суреттеледі. Кентал сәтті кадрлар үшін, екі күн қатарынан тойларда тегін ән салыпты.

“Он сегіз тойға кіріп-шығып, тегін өлең айтып, мақсатым клип түсіру. Неге тегін, сол клип түсірдік”, – дейді Кентал.

Бұл ән жарыққа шыққалы, Талғаттың телефонына тыныштық жоқ! Ата-анасы күнде қоңырау шалып, бойдақ жігіттің құлақ етін жейтін көрінеді.

“Қашан құдағиымыз болады? Қашан құдалармен бірге қыдырамыз? Бір-бірімізбен дос болып, тойларға барамыз. Қашан болады ол дейді”, – дейді Кентал.

Бірақ, отыздан асқан Талғат отағасы атануға асығар емес! Сүйіктісін жолықтырып үлгермеген сүрбойдақтың, сансыз сауалдарға сылтауы дайын.

“Әр адамның маңдайына жазылғаны болар. Сондықтан бұйырғаны болар!” – дейді ол.

Оқи отырыңыз: 

Сүйіктісін әр аймақтан іздеген Ерке Есмахан бейтаныс жігітпен көзге түсті

Тамара Асардың ұлы Франция сахнасында домбыра тартты

Алмас Кішкенбаев ажырасқаннан кейін мұңға батты

Жемқорлыққа жол жоқ: Роза Рымбаева өзі қазылық ететін байқауда жерлесіне көмектеспейтінін айтты

Талқылау