Әкесі Димаштың көпшілік біле бермейтін өнері жайлы айтты
Димаштың шетелдегі үлкен концерті Қазақстанның Тәуелсіздігі күні – 16 желтоқсанда Чанша қаласында өтеді.
Композитор, әнші, Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев “Таңшолпан” бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
“Біздің шығармашылық бағытымыз қазір Димаштың жолымен тікелей байланысты. Димаш халықаралық іс-шараларға дайындалып жатыр.
Биыл маусым айында елімізде басталған шоу-концерт жалғасын табады. Жоспар бойынша 16-желтоқсанда Қытайда Чанша қаласында үлкен концерт береді. Сол концертке қазір халықаралық деңгейдегі сазгер, режиссер, бишілер тобымен әзірлік жүріп жатыр”, — деп хабарлады Айтбаев.
Сондай-ақ ол әнші үшін физикалық дайындықтың маңызын және Димаштың қандай спортпен шұғылданатынын айтты.
“Жалпы, ән айту үшін адам физикалық тұрғыда мықты болуы керек. Кейде Димашты нәзік көрінеді деп айтып жатады, бірақ ондай емес, ол спортпен өте жақсы шұғылданған жігіт. Жүзумен көп шұғылданды, шығыс жекпе-жегімен де айналысқан кездері болды. Барынша қарулы жігіт.
Әншінің сахнада өзіне сенімділігі физикалық тұрғыдағы күшімен ұштасып жатуы керек. Ән айтқанда диафрагма мықты болуы керек, өкпенің тыныс алу көлемі де үлкен болуы қажет. Қазір концертке күніне төрт-бес сағат би дайындап жатыр. Ал бұл үлкен физикалық дайындықты қажет етеді”, — деді ол.
Оқи отырыңыз:
Әріптестері жұбайынан актриса жасаған Қайратты сынап тастады
Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым
Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді
Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты