Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Акционер арқылы ресейлік капитал кіре ме": Қошанов Qarmet-тің жаңа инвесторы туралы ойын айтты

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов  бұрынғы "АрселорМиттал Теміртау"  қазіргі Qarmet – тің жаңа инвесторы, кәсіпкер Андрей Лаврентьевке өтуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Мәжіліс кулуарында журналистер Қошановтан Лаврентьевтің бұл салада ешқашан жұмыс істемегенін айтып, оған компанияны сеніп тапсыру шешімі қаншалықты орынды екенін және оны қалай бағалайтынын сұрады.Сондай-ақ осы акционер арқылы аталған комбинатқа ресейлік капитал кіреді деген де әңгімеге қатысты пікірін сұрады. 

“Менің ойымша, құзыретті органдар осындай шешім қабылдады. Компания орындауы керек бірінші нәрсе ол барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау. Ең бірінші кезекте, бұл айлық мәселесі. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Мен өзім сенетін құзыретті органдар осындай шешім қабылдады. Сондықтан мен бұл шешімге сенемін", – деді ол.

Еске салайық, Қазақстандық Qazaqstan Steel Group (QSG) компаниясы бұрынғы ArcelorMittalTemirtau кәсіпорындарының инвесторы атанды

Компанияның акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Кәсіпорын атауы QARMET деп өзгертіледі. Биліктің ресми ақпараты бойынша, АМТ Қазақстандағы нысандарды 286 миллион долларға сатқан.

 

Талқылау