Ақбота Сейтмағамбет енесінің екі келінге бірдей қарайтынын айтты
Ақбота Сейтмағамбет алғаш рет енесімен ара-қатынасы жайында әңгімеледі. Әнші қыз кішкентай сәбиіне енесінің қарайласып тұратынын айтты. Бұдан өзге, Дәуреннің анасының алғашқы келінге де жіті көңіл бөлетінін жеткізді.
Бұл туралы Ақбота Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Ақботаның айтуынша, екі жақта да немерелері болғандықтан, Дәуреннің анасы қос келінге бірдей қарайды екен.
«Енем екі келінді бөліп жармайды. Не де болса, ол да Дәуреннің жұбайы болды. Сондықтан көңілімізді де қалдырғысы келмейді. Мұнда сыйлық болса, онда да сыйлық. Біз түсінеміз негізі. Бұрынғы отбасы болғандықтан, ол жақта да сәбилер бар», – дейді Ақбота.
Әншінің айтуынша, алғашқы некесінен туған балаларына мән-жайды Дәуреннің өзі түсіндірген. Ал сырттың сөзі мен көзінен қорғау үшін әкесі олардың Instagram желісіне кіруін шектеп тастапты.
«Балалар әлі кішкентай болғандықтан, оларға айтты, түсінді. Алдағы уақытта бірге демалып, бірге қыдырамыз деген ойда бар. У-шу енді тынышталды. Оларды да Instagram желісінен тыя тұрды. Неше түрлі жағдайлар болған соң, аналары да түсінеді деген ойдамын», – дейді Дәуреннің келіншегі.
Ақбота “Дәурен үш баласын тастап кетті” дегендерге тағы да бір мән-жайды түсіндіріп берді.
“Дәурен балаларынан қол үзбейді. Қолы қалт етсе балаларына барып тұрады. Жалпы бұрынғы отбасына барған кезде алғашқыда қызғанатынмын, жасырмаймын. Ал қазір жоқ. Несіне қызғанамын? Балаларынан мүлдем қызғанбаймын, себебі өзіміздің де сәбиіміз өсіп келеді. Жалпы балалардың бірге өскенін қалар едім, егер олардың аналары қарсы болмаса. Жолдасым да соны қалап отыр”, – дейді Ақбота ағынан жарылып.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)
Сейфуллин Жолбарыс 90-ға келген анасына дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Анасымен қосылып ән шырқаған Қуандық Рахым көпшілікті таңдай қақтырды (видео)
Бір топ күзетшімен жүретін Ninety one тобы кімнен қорқып жүр?