Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет: Дәуреннің бірінші әйелінің үйіне бардым, бірақ ол балағаттап қуып шықты

Әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен болған отбасылық жанжал жайлы айтты. Жақын күндері ресми түрде ажырасып кеткен Ақбота өз шындығын ашық жеткізді. 

Бұл туралы әнші Жанар Айжановамен бірге "Тәтті шай" ішіп отырып айтты. 

Ақбота өз анасынан 9 жасында айырылған. Соңынан ерген інісі бар. Нағашы әпкесінің қолында өскен. Өнерде ғана емес, Жанар Айжанованың ана деп, анасындай жақсы көреді. Бұл жолы да анасы мен қызындай болған қос әнші көпшілік алдында әңгіме-дүкен құрды. 

"Мен 9 жасымда анамнан айырылдым, інім ол кезде 7 жаста еді. Әкем есімді білмеген кезде қайтыс болған. Балалық шағым керемет өтті деп айта алмаймын. Нағашымның қолында өстік. Қатал тәртіпте болдық. Әке мейірімін көрген жоқпын. Дәуренмен кездескен шақта 18 жаста едім. Содан болар әке секілді, аға секілді адамды іздедім. Өзіме қорған болса, мені қолдаса, аялап жүрсе деген сезімге зәру едім. Дәуреннің айтқан тәтті сөздеріне сеніп, ғашық болған шығармын. Әке мейіріміне зәруліктен Дәуренге аға секілді, әке секілді арқа сүйер азамат ретінде бауыр бастым. Дәурен бірінші әйелімен асығыс үйленгенін айтты. Сүйіп қосылмағанын айтты. Ата-анасының қыспағымен 1-2 рет көрген қызбен үйлене салған. Соңында ажырасып тынған. 3 бала ажырасып-қосылып жүріп өмірге келген. Оны Дәурен өзі солай айтты", - деді Ақбота.

18 жасында тоқал болуға дайын болған жас әнші бұл әрекетін өзі былайша түсіндіреді. 

"Бастапқыда өзім жетім өскендіктен үш баласын аядым. Сондықтан бірінші әйеліңізбен ажыраспаңыз, менімен тек неке қиып тұра беріңіз. Мен екінш әйеліңіз болып, бір отбасыңыз болып тұра беремін дедім. Бірақ оған бірінші әйелі көнбеді. Мен арнайы ата-енеммен бірінші әйелінің үйіне барып сөйлескен едік. Алдынан өтейін дедім. Дәуреннің мені таңдап отырғанын айтайын дедім. Ол кезде Баян балағаттап, аузына келгенін айтты. Екеуміз сөзге келіспедік. Өзінің мінезді әйел екенін көрсетті", - деді әнші. 

Тоқал болуға дайын болғанын Ақбота бұған дейін де сұхбаттарында айтып жүрді. Алайда Дәуренмен ресми түрде некелесіп үйленді. 

"Дәурен осы уақытта үш баласының жағдайын жасап, оларға қарайласты. Ол жағынан жақсы әке. Менің екі балама да қарайласып, әкелік міндетін атқарады деп ойлаймын. Қазір інім мен нағашы әпкем жанымды. Маған көмектесіп жатыр. Мен 24 сағат бойы жұмыстамын. Себебі екі баламды бағуым керек", - деді ол. 

Талқылау