Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекованы тойда ақ көйлек киюге күйеуі көндірген

Ақбота Керімбекова тойға ақ көйлек киюге өзін күйеуі көндіргенін айтты. Әнші, тіпті, бастапқыда дүркіретіп той жасауға қарсы болған екен.

21577124_1961180174127385_5540123824583868416_n

Сурет: Ақбота Керімбекованың жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Жуырда Ақбота Керімбекова некелесу рәсімі мен тойын ашық аспан астында өткізіп, қуанышын өнердегі достарымен бөлісті. Бастапқыда әнші той жасаудан бас тартқан екен. Күйеу жігіт бұл ойын өзгертіп, оны, тіпті, ақ көйлек киюге көндіріпті.

“Достарым мен ел-жұртым бар. Солардың батасын алуым керек” деп жолдасым тойды өзі жасады. Оның үстіне өнерде жүрген достарымыз да бар еді. Солардың қолдауымен, демеуімен сары түсті таңдап, күндей жарқырап, өмірімізде жылылық болсын деп ниет қылдық. Өз басым ырым-тыйым дегендерге сенбеймін. “Сары түс – айырылысудың белгісі” дегенді естіп, кейде күліп аламын. Мен тек Аллаға ғана сенетін адаммын. Тағдырыңда не болатыны тек бір Аллаға мәлім нәрсе. Жалпы болмашы дүниелерге сеніп, ішкі психологияны бұзудың қажеті жоқ. Жолдасым мені қинап ақ көйлек кигізді. 70-80 жасқа келген әжелеріміз көңіліміз он сегізде деп отырушы еді. Сол секілді әрдайым көңіліміз жас. Оның үстіне кез келген қыз тойында ақ көйлек киюді армандайды. Ел не айтса да, ол сынақтан өтеміз деген ойдамын. Ол да Алланың берген сынағы ғой”, – дейді Ақбота Керімбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Айгүл Иманбаева: Әр адам өз биігінде өледі

Роза Рымбаева не себепті шәкірт тәрбиелеуден бас тартқанын ашып айтты

Төреғали бір күнде 5 концерт бергені туралы айтып мақтанды

Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты

Талқылау