"Ақ терек, көк терек": Талғат Жорабаев әйелімен ән айтып, сынға қалды
Танымал Жорбаевтар әулетінің келіні, әнші Талғат Жорабаевтың әйелі, блогер Аяулым сахнаға ән айтып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ayauka_zhorabayeva/
Блогердің айтуынша, бала күнінде сахнада ән айтқан көрінеді.
“Байымның артынан қалмай, бірге ән айтып кеттім. Күйеуім өзге әйелмен ән айтқанша, қол ұстасып өзіммен айтпай ма?!”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әннің сөзі көңілден шықпағанын жасырмады.
“Ақ терек, көк терек, бізден сізге кім керек” деген жолдары әннің мәтінін құртты”, “Ән айтсаңыз, сахналық киіммен айтыңыз”, “Орамал тағып жүріп, ән айтқан қалай кетті”, “Дінде ән айту – харам”, “Мән мен мағынасы жоқ ән екен”, “Блогыңды түсіріп, үйде отыра берсеңші”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Талғат Жорабаевтың әйелі орамалын шешіп тастаған қыздарға қатысты пікір білдірген еді.
Н.Сац атындағы театр нысанының қазіргі көрінісі алғашқы эскизге сәйкес келмейді: Жоба нобайы не себепті өзгертілді
Урбанист: "Қасбетке елеулі өзгеріс енгізілсе, жоба қайта келісілді деген сөз"
Қазақстан электр тапшылығына дайын ба: Алматыдағы жарықтың жаппай өшуі нені көрсетті?
Маман: "Жарық өшсе қаланың қалыпты өмірін қанша уақыт сақтап қала аламыз"