Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақ келін болып аттадың, ақ кебінмен оралма": Желіде Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан күйеуінен қорлық көретін әйелдерге қолдау білдірді

Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдерге ән арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпара агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Қос өнерпаз танымал әндердің мақамымен әйелдерге арнау айтты. 

“Үйлерді құлатып жатқан тасқын суға тосқауыл қоямыз деп сыртта жүрсек те, шаңырақты құлатып жүрген еркектерге ой салсақ деп осы тақырыпқа да тоқталдық”, – деп жазды айтыскер ақын Бұлғақов. 

"Әйелді адам санамайды,

Ессіздер жанын жаралайды.

Дені сау адам сабамайды,

Үйдегі аруды.

Сүйген жар жау болмайды,

Тирандар жар болмайды.

Әйелдер армандайды –

Тыныштық табуды.

Жақсыда жаттық болар ма,

Жаманға көңілің толар ма?!

Ақ келін болып аттандың,

Ақ кебінменен оралма!”, – деп жырлады өнер иелері. 



Желі қолданушылары жаппай айтыскер ақынды қолдап, жүрекжарды тілектерін жаудырып жатыр. 

“Салтанаттың жай-күйін айтып тұр”, “Көңілдегіні дөп бастың”, “Еститін құлақ, жетер сана болсын!”, “Ақ кебінге оралып кетіп жатқандар қаншама?!”, “Жаным ауырып, көзіме жас алдым”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, әйелін ұрып өлтірді деген экс министрдің әрекеті қоғамды дүр сілкіндірген еді. 

Сондай-ақ экс шенеунік оқиғаның мән-жайын сот алдында баяндап жатыр. 

 

Талқылау