Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana Дубайға рейстерді қайта ашты

air astana (1)
Фото: air astana

Air Astana әуе компаниясы Дубайға рейстерді қайта жандандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы-Дубай-Алматы және Астана-Дубай-Астана тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

Әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылайды және ұшу кестесін өзгертуі мүмкін. Сондай-ақ компания қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етуге уәде етті.

Бұған дейін 12 шілде күні KC205 Астана-Дубай рейсі бүгін Астанадан сағат 07:10-да ұшып шығып, кейін ұшақ әуежайға қайта оралған еді. Осылайша KC897 Алматы-Дубай рейсі 12 шілде күні сағат 08:50-ге жоспарланған еді, бірақ тоқтатылды. Компания мұны Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуымен байланыстырды. Сондай-ақ 13 шілде күні Air Astana БАӘ-ге жоспарланған жақын күндердегі рейстерді тоқтатқан еді. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 11:42