Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктерге жер сатуға қойылған мораторий 2032 жылға дейін ұзартылды: Тоқаев қол қойды

Тоқаев жер сату
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдеде "Экология мәселелері және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған заңның 10-тармағына сәйкес, мораторий мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсаннан 2031 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Еске салайық, шетел азаматтары мен шетелдік заңды тұлғалардың жерді жалға алуы және иеленуіне қатысты норма 2015 жылы қабылданып, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс болған. Алайда 2016 жылғы жер митингілерінен кейін сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл нормаға 2016 жылдың соңына дейін мораторий енгізген еді.

Кейін бұл мораторийдің мерзімі алдымен 2021 жылға дейін, кейін 2026 жылдың соңына дейін ұзартылды. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 14 Шілде, 2026 12:14