"Әншілердің гонорарын көре алмайды": Ұланғасыр Қами өзін сынаған музыкантқа жауап берді
Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Ұланғасыр Қами тойдың әншісі деп сынайтындарға және гонорарын санайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ulangasyrqamiev/
Өнер иесін сарапшы “Бес жұлдыз” бағдарламасында сынап, “тойдың әншісі” деп бағалады.
“Тойдың несі жаман? Той болып жатса, Қазақстанымыз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатыр деген сөз. Тойды қысқарту керек деген адамдарды да түсінбеймін. Қысқартсаңыз, өзіңіз той жасамай-ақ қойыңыз. Басқасы кредит алып жатса, өзінің проблемасы ғой. Әркім өзі біледі, өз шаруасы. Екіншіден, егер сіздің де той туралы бір әніңіз хит болып кетсе, халық сол әнге билеп жатса, сіз бұлай айтпас едіңіз. Бұл әншілердің гонорарын көре алмайтын жанның әңгімесі", – дейді өнер иесі.
-
Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне билеп, көпшілікті тәнті етті
-
"Ашуланып келгенде үндеме": Қазақ эстрадасының әндері зорлық-зомбылықты қалай насихаттайды?
Айта кетейік, шығармашылығы той стилінде танымал болған Ұланғасыр Қами 80-90-жылдардағы кезеңді еске салып жүр. Алайда сарапшы, музыкант Нұргүл Нұғманова ешқандай мәдениет жоқ деп кесіп айтты.
"Мына жерде, мына музыкадан қандай мәдениет көресің?! Заманауи, өңдеуі күшті әнмен келген балаларға 4 қоясыздар. Мына жерде бәрі шайқап билеп жатыр ғой. Тойды жақсы көресіздер", – деген еді сарапшы.
Еске салайық, әнші жанкүйерінің әйелін құшақтап фотоға түспегені үшін тыңдарман қауымнан сөз естігенін жазған едік.
@ulangasyrqami Шындығы осы! #бесжұлдыз #сырымсмағұлов #ұланғасыр ♬ оригинальный звук - ULANGASYRQAMI