AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аға, міне ақшаңыз": Қазақстанда жеңіл жол-көлік оқиғаларына сақтандыру төлеу форматы өзгереді

Қазақстанда жеңіл жол-көлік оқиғалары кезігде сақтандыру төлемін алу әлдеқайда жеңіл болады. Сақтандыру туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістерді мәжіліс депутаттары қарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Депутат Дания Еспаева автосақтандыру саласындағы жаңалықтарға тоқталды. Сонымен, ауыр зардаптар мен зардап шеккендер болмаған жеңіл жазатайым оқиға кезінде қатысушылар мобильді қосымша арқылы өтініш жіберіп, тұлға бірден сақтандыру төлемін алады деп күтілуде. Сақтандыру инспекторларының, полицияның, бағалаушылардың және соттың қатысуынсыз берілетін болады.

“Сақтандыру инспекторын шақырудың қажеті жоқ, ол бейне хабарлама түрінде хабарлама алады. Бұл "Еуропротокол" деп аталады, бұл процедура Еуропадағы барлық жеңіл апаттарда қолданылады. Көршілеріміз – Ресей, Беларусь, Өзбекстан елдері бұл жүйені қазірдің өзінде қолданып жатыр”, – деді депутат мәжіліс алаңында.

Бұл жүйе көліктерін әдейі соғып алатындардың қатарын көбейте ме деген мәселеге де Еспаева оптимистік түрде жауап берді.

“Еуропалық хаттамада 100 АЕК-тен аспайтын төлем қарастырылғанын ескерсек, бір-бірінің көлігін жай ғана соғуға ешкім мүдделі емес деп ойлаймын. Бұл 300 мыңнан сәл ғана асады. Жарайды, шынымен біреу 300 мыңға төтенше жағдай жасамақ па? Қазір кішкентай апат болып қалса, өзіміз келісеміз, ақша береміз, "полиция шақырмай-ақ қояйық, міне, аға, ақшаңыз" деп қолына ұстатып кетеміз. Енді мұны сақтандыру компаниялары жасайтын болады", - деп қосты Еспаева.

Сақтандыру полисінің құны да көптеген параметрлерге байланысты өзгереді. Жүргізушінің тәжірибесі мен тәртібі, тіркелген жазатайым оқиғалардың саны мен ауырлығы және клиенттің орналасқан жері де ескерілетін болады. Сонымен қатар, жазатайым оқиғалар көп болатын аймақтарда сақтандыру полисінің құны жоғары болмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр