АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көміледі

Фото: Видеодан скрин
Қазақстанда салынатын атом электр станциясынан шыққан радиоактивті қалдықтар Семей аумағына көмілетін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жауапты агенттік радиоактивті қалдықтарды көму үшін полигон болған орынды таңдады.
“Шығыс өңірдегі ластанған аумақтың көлемі 18 мың шаршы метр болады. Қалдықтар жерге көмілмес бұрын, арнайы қоймаларда сақталады екен. Бұл – жоғары деңгейлі радиоактивті қоқыстың қауіптілігін төмендетеді”, – дейді мамандар.
Сондықтан олар жарамсыз заттар қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне сенімді. Одан бөлек станцияның реакторларынан бір жылда 50 текше метр қалдық шығуы мүмкін деген болжам бар.
“Арнайы су бассейндерінде белгілі бір уақыт сақтайды. Яғни оның температурасы мен радиоактивтілігі төмендетіледі. Радиоактивтілігі төмендегеннен кейін оны арнайы болат немесе бетоннан жасалған контейнерлерге салып уақытша немесе ұзақ мерзімді құрғақ сақтау орындарына жіберіледі”, – деді Атом энергиясы жөніндегі агенттік департаментінің директоры Ғани Мәди.
АЭС құрылысы: "Росатом" Үлкен ауылында алдын ала жұмыстарды бастады
Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынады
Айта кетейік, 2025 жылдың ақпан айында Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді. Бұл Алматы облысының Жамбыл ауданы болды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Еске салайық, Жамбыл ауданында Үлкен ауылы орналасқан, бұл елдімекен АЭС салынуы мүмкін орындардың бірі ретінде бұрыннан айтылып келген.
2025 жылдың қаңтарында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және "Самұрық-Қазына" қорына атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Президент болашақ АЭС салынатын орындарды таңдауда нақты көзқарас пен жан-жақты талдау қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ заманауи әрі қауіпсіз технологияларды қолдану керек екенін ескертті.
Мемлекет басшысы үкімет пен парламенттен екінші атом станциясын салатын орынды анықтауға қатысты ұсыныстар күтетінін жеткізді. Сол уақытта Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев екінші АЭС-ті біріншісімен қатарластыра салу мүмкін екенін жоққа шығармаған еді. Жақында вице-премьер Роман Скляр Қазақстанда екінші және үшінші АЭС-ті Қытай мемлекеті салатынын мәлімдеген еді.
"Марғаулар азаппен өліп жатыр": Астанада 80-ге жуық адамға ауру мысық сатқан әйел қылмыстық іс қозғалса да әлі ісін жалғастырып келеді