АЭС салу бойынша референдумды биыл өткізе аламыз - Орталық сайлау комиссиясы
Егер атом электр станцияларын салу бойынша референдумды биыл өткізу туралы шешім қабылданса, Орталық сайлау комиссиясы мұны өткізуге дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұны Мәжіліс кулуарларында ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді.
Өтемісовтың айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы дайындық жұмыстарын жүргізуде.
"Барлық қажетті жұмыстар – дайындық, соның ішінде сайлаушылар тізімін жасау және аумақтық сайлау комиссиялары жүргізуі тиіс нәрселер жоспарлы режимде жүріп жатыр", – деді ОСК мүшесі.
Алайда Орталық сайлау комиссиясында референдум өткізу мерзімі туралы нақты ақпарат жоқ.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жинаған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды