Соңғы жаңалықтар

"Адекваттар домбыра мен шапансыз-ақ қуанады": Есболат Беделхан Димаш Құдайбергенге айтқан сыны туралы

"Орда" тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергенге қатысты желіде жазған жазбасы туралы пікір білдірді. Мұның алдында Есболат Беделхан Димаштың "шетел сахнасында бекер домбыра шертетінін" айтқан. Әншінің бұл жазбасы желіде әлі күнге дейін қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Димаш ҚұдайбергенСурет: https://equip.kazakh.ru/instagram.com/kudaibergenov.dimash

Тілшімізге берген пікірінде ол жазғаны ойы желіде тарағанына өкінбейтінін айтты.

"Негізі әр адамда ойын айтуға хақысы бар. Тіпті барлық адамның ойынан өзгеше болса да. Жазған ойым желіге тарағанына өкінбеймін. Көпшіліктің ашулы міндеріне еш күрделі жауап бере алмаймын", - деп пікір білдірді ол.

Алайда ол Димаш Құдайбергеннің шапан киіп, домбыра шерткенін неге қолдамайтыны туралы сұраққа да жауап беруден бас тартты. Оның айтуынша, алдағы уақытта ол ойын толықтырып жазады.  

Еске салайық, Есболат Беделхан жұрт қызу талқылаған жазбасына қатысты бұған дейін де түсінік берген.  

"Не айтқым келгенін түсіндірейін. Домбыра мен ою өз халқы туралы. Сонда ол өз халқына міндет қылады, солай ма? Яғни қазақстандықтар, әсіресе қазақтар қуанып, кеудесін мақтаныш кернейді. Ал әлемде жанкүйерлері оны жақсы көреді, жақсы көргісі келеді. Оның дәстүрі үшін емес, оның өнері үшін. Меніңше, ол бір ғана нәрсемен айналысуы керек, өнерін ғана көрсету.

Ал әрі қарай өнер арқылы ол жақсылық, балаларды қорғау, өзара махаббат, табиғаттың құндылығы және сол сияқты айтуына болады. Майкл Джексон секілді, мәселен. Ал Қазақстанды жарнамалау арқылы ол қазақтардың қуанышын, мақтанышын және көңілінің толуына ғана жетіп отыр. Адекват әрі өзгенің жетістігі арқылы айызын қандырмайтындар домбыра мен шапансыз-ақ осылай қуанышты бола алады", - деп түсіндірген еді әнші өз жазбасын.

Талқылау
Пікір
Sheker
23 Жел, 19 жыл - 01:32

Есболат 👑Димашқа ақыл айтып, хайп ұстамай , өз жөніңдегі білші !

👑Димаш ешқашан, ешкімге ештеңені міндет етпеген сендер сияқты! Енді сенің ақыл айтқаның жетпей тұрған еді, сахнаның патша баласына! 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі дәрігер ұзақ өмір сүрудің жолдарын айтты

Ол миға салмақ салмауға кеңес берді

DVD ойнатқышы үшін баланы бауыздап тастады: Қарағанды ​​облысының тұрғыны көршісінің қызын өлтіргені үшін сотталып жатыр

Ата-анасы үш жасар қызды көршісіне қарай тұруға тастап кеткен

Белгісіз дертке шалдыққан ақтөбелік арудың жағдайы нашарлап бара жатыр

Ақтөбелік келіншекке дәрігерлер бірнеше жылдан бері дұрыс диагноз қоя алмай келеді

Жиырма жылын жұмсаған: Ер адам өз қолымен құрастырған ұшақты сыйға тартты

Үш қабатты ұшақтың ішінде бірнеше қонақ бөлме, жатын бөлме бар

Forbes журналы әлемдегі ең бай адамды атады

Бұл жолы Amazon компаниясының басшысы рейтингтегі бірінші орнын француздық бизнесменге берді

Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары пәтерлеріне оралады: зерттеу қорытындылары пайда болды

Үш айға созылатын жөндеу жұмыстарынан соң, үй иелеріне қайтарылады

Үйден емделуге кеңес берген: Елордада 8 жасар бала қайтыс болды

Дәрігерлер баланы ауруханаға алып барғанда үйге қайтарып жіберген

СҚО-да ер адам балаларының көзінше әйелін аяусыз сабап өлтірген

Екі рет сотталған, жұмыссыз болған ер адам әйелінің есебінен күн көріп келген

Жаңа жыл мерекесінде алып шошқалар өз иесін жеп қойған

Көршісі үйдің ауласынан шашылған сүйектер мен бассүйек сынықтарын тапқан

"Сыртынан құлыптап кеткен": ШҚО-да болған өрт салдарынан үш бала ажал құшты

Ішімдікке тойып, үйден шығып кеткен әкесін іздеймін деп шешесі үйдегі балаларын қамап кеткен
Çàãðóçêà...