Адам жасушаларының қартаюын не тоқтататыны белгілі болды
Керамикалық нанобөлшектердің адам жасушаларынм қартаюын бәсеңдететін қабілеті анықталды. Оны итальяндық Istituto Italiano di Tecnologia (IIT) институтының ғалымдары дәлелдеді, деп хабарайды Stan.kz ақпарат агенттігі ferra.ru-ға сілтеме беріп.
Ғалымдар жасушалар молекулалардағы электрондардың табиғи тепе-теңдігін жоғалтқан кезде пайда болатын тотығу стрессін зерттеді. Бұл процесс метаболизмнің бір бөлігі болып табылады, сонымен қатар ағзадағы жасушалардың қартаюына әсер етеді және жүрек жеткіліксіздігі, бұлшықет атрофиясы және Паркинсон ауруы сияқты кейбір ауруларға әкеледі", - дейді зерттеушілер.
Бұған дейін ғарышта қосымша сәулелерге байланысты адам ағзасы тотығу стрессіне көбірек бейім екені белгілі болған. Сондықтан итальяндық зерттеушілер нанобөлшектер ғарыштағы жасушаларды қорғай алатынын дәлелдемек болған. Ол үшін ғалымдар Халықаралық ғарыш станциясына бұлшықет жасушаларын жіберген, олардың кейбіреуін керамикалық нанобөлшектермен қаптаған.
Ерте қартаюға әкелетін тағамдар анықталды
Үлгілер ғарыш кеңістігінен оралғаннан кейін ғалымдар оларды тексеріп, жасуша алған әсерді салыстырды.
"Нанобөлшектер дәстүрлі антиоксиданттарға қарағанда жақсы және ұзақ жұмыс істейді", - деді Италиядағы IIT өкілі Джанни Чофани.
Осылайша, қоршаған ортала кездесетін нанобөлшектер адам жасушасына қолайлы әсер ететінін анықталған.
Ғалымдардың айтуынша, әлі зерттелетін нәрсе көп: нанокерамиканы дұрыс қолданудың жолдары және қорғаныс әсері қанша уақытқа созылатындығын, сондай-ақ ықтимал жағымсыз жанама әсерін білу қажет.