Психолог: Абортпен алдырып тастаған баланың келесі туылған балаға әсері болады

Аборт кісі өлтіру екені құпия емес. Кез келген әлем діндерінің барлығы осыны айтады. Ана жатырындағы баладан құтылғысы келгенде рухани әлемі қалай өзгеретінін көптеген рухани дәріптеушілер қазіргі таңда ашып айтатын болды.

11173665_817171648336716_1095974722_n-736x420

“Менің психотерапевт ретінде айтарым, осыған дейін 6500 адамның тағдырына араластым. Сондықтан өз білгеніммен бөліскенді жөн санаймын”, – дейді психология ғылымының кандидаты,  психолог-психотерапевт дейді Ирина Ищенко.

Көпшілігіміз Кеңес Одағында туып, өстік. Бірінші мамандығым фельдшер-акушер. Ол заманда абортты адамдар тек жүктіліктің алдын алу деп қарап келгенін өз көзіммен талай көрдім. Егер, шіркеу аборт күнә десе, мен олардың рухы туған балаға қалай әсер ететіні туралы сөз қозғамақпын.

Үзілмейтін байланыс ата-ана мен бала арасында болады. Әр бала өз отбасын жүрегінде сақтап жүреді. Бұл сезім қайдан екенін көбіне өзі де түсіне бермейді. Бала кейде өзі де білмейтін адамдардың тағдырына кірігіп жатқанын сезбейді де. Отбасылық қарым-қатынастың негізгі ережесі: барлық туыстар бір-біріне тән дегенді білдіреді. Егер біреуін жойса, онда тағдыр екіншісіне әсер етеді. Бәлкім, келесі ұрпағына өтеді. Ол күйзеліс, ашушаңдық, өмір сүргісі келмеу, қорқыныш, әр түрлі иррационалды қалыптарды көрсету, түрлі аурулар болып сыртқа шығады.

Жойылған жанның мені қалыпқа келмесе, оның орны өзіне қайтарылып, көзге көрінбейтін жіпке ол да тізбектелуі керек.Жүйелілік көзқараспен қарасақ, отбасы – жүйе. Ондағы әр адам бір-бірімен тығыз байланысты. Бір-біріне әсер етеді. Тірі ме, өлі ме – ол маңызды емес. Адамдар баяғыда сүйегі қурап қалған әжесімен тығыз қарым-қатынаста бола алады. Атасының қарызын төлеуі ықтимал. Жұрттың бәрі ұмытып кеткен шешесінің үлкен әпкесінің тағдырын қайталауы мүмкін. Репрессияға ұшыраған туыстарының кесірінен адам дамымай, жетілмей қалуы да мүмкін. Ұмытылған, жоқталмаған адамның бәрі біздің өмірімізге әсер етеді.

Өкінішке орай, кімнің не себепті бұл тізбектен сырт қалатынын айтып беру қолымнан келмейді. Өйткені, әр адамның тағдыры әр түрлі. Жойылған адамның құқы, орны өзіне қайтарып бермейінше, ол тірілерімен байланыста болып қала береді. Дегенмен, кейбір нақты заңдылықтар бар екенін айта аламын.

image001

Леонардо Да Винчидің сызбасы

Тумаған баласы бар адамдардың классификациясын жасап көрейік. Тумаған бала деп аборт жасалған, өлі туған, тоңазытқышта сақталатын эмбриондар, туыла алмаған балалар, спираль қолданып (мұндай кезде әйелдер әр кез жүкті болып, оны өзі де білместен спиральдің көмегімен сыртқа шығарған) бітпеген баланы айтады.

Спираль жөнінде. Бұл менің пікірім емес. Реттеу тәжірибесінің констатациясы. Көбіне клиенттер ол туралы мүлде білмеген болып шығады. Анасымен сөйлескен соң анықталады. Ұрықтану – сперматозоид пен ұрықтың бірігуі, ол жатыр түтігінде жүреді. Зиготада жасуша бөлінісі жүреді. Сосын ол жатырға түседі. Яғни, эндометрияға жабысып қалуға тырысады. Бірақ спираль бұған мүмкіндік бермейді. Өздігінен аборт жасалады. Ай сайын қайталанатын аборт. Әйелдер спиральды жылдар бойы қолданатындықтан санай беріңіз… Спираль қолданған әйелдердің туылмаған балалары ешбір ғалым есептеп шығара алмайтын есеп.

Егер бұл ақпаратты әйел білмесе, спиральдан соңғы аборттар оның өміріне әсер етпейді. Оның санасына жетпеген ақпарат әсер етеді. Мысалы, түсіктердің айтпағы бөлек әңгіме. Реттеу кезінде түсік болғанын психотерапевт білсе, ол дұрыс жұмыс жасауды бастайды. Оның болуы ендігі кезде маңызды емес. Маңыздысы, оның айтпағы. Оның жаны нені қалады. Өзін құрбандыққа шалумен нені тазалап кетті? Осы динамиканы зерттеу арқылы одан кейін туған баланың өмірі қалай өзгергенін түсінуге болады.

Тумай қалған баланың қарым-қатынасқа әсері

  • Аборт адам жанына үлкен жара салады. Аналық сезім жатырға бала біткеннен басталады. Оны аборт жасап, жоққа шығаруға болмайды.
  • Ата-анасына аборт жасатқанның залалы көп. Бала туған жеңіл одан.
  • Аборт жасатудың күнәсін бөлуге болмайды. Ол әркімде өздігінше.
  • Егер әйел жүкті болып, ол туралы жұбына айтпаса, оның жауапкершілігі мен күнәсі ұлғая береді.
  • Әр аборт сайын қарым-қатынастың бір санаты абортталады. Тән тұрғысында ол бір-бірін қаламау, төсек қатынасын суытуы мүмкін. Бірақ шын мәнінде жаны суынып кетеді. Әр ата-ана өз кінәсын мойындамайынша, осы жағдай созыла береді. Ой жүйесінде ол баланы қабылдап, оған жүрегінен орын бергенде барып, екеуінің де жаны тыншиды. Сонда олар бірге қала алады.
  • Жұптар арасындағы байланыс арада қабылданбаған өлі балалар болса бітіспейді.

Ата-ана мен тумаған бала

  • Ананың жүрегі абортты өзінің бір бөлігін жоғалтқандай күйде сезінеді. Ол өлі баласына тартылып тұрады. Өлгісі келеді. Аборттың қайғысы соншалықты қиын, ауыр тиеді. Әйел қуат-күші кеміп, бойындағы бар жылуы басқа арнаға ағып кеткендей күйде жүреді.
  • Ананың жүрегі ең бірінші тумаған баланың жанында қалады. Ол баласын жоқтап болмайынша, ана жүрек басқа баласына ашылмайды. Аборттан кейін туған бала анасына деген қорқынышпен өмір сүруі мүмкін.
  • Аборт жасалған баласы бар еркектер әр түрлі қаржылық қиындықты бастан кешеді.
  • Тірі баласы мазасыз болуы ықтимал. Аурушаң, нашар оқуы, үнемі бақытсыздыққа ұрынып тұруы мүмкін. Ата-анасы баласымен қарым-қатынасын сезінбеуі де кездесіп қалады.

Туылмаған аға-қарындасы бар балалар

  • Егер сіздің туылмаған аға, әпкеңіз болса, онда ол бала өз орнын сізге ұсынып кеткен. Әйтпесе, сіз болмас па едіңіз?! Мұндай адамдардың өмірі күрделі келеді. Олар өмір сүруге қақысы жоқ адамдай күйзелісті үнемі сезініп тұрады. Кейде бірнеше өмірді қатар сүріп жүргендей күй кешеді. Әр түрлі қаржылық қиындықтар жиі мазалайды. Адам өзіне бақытты өмірді қимайтындай көрінеді. Мұндай адамдар мамандық таңдауда көп қателікке бой алады. Өзінің жолын таба алмадым деп көп қиналады. Бірнеше оқу бітірсе де, жиі-жиі жұмыс ауыстырады. Басқа адаммен тіл табысуы күрделі. Отбасында бақытты бола алмайды. Достары көп, бір-біріне ұқсамайтындары жиі кездеседі.

Анасымен қарым-қатынасы екі түрлі сценариймен дамиды: анасынан бөлектеу, кейбір кезде ашушаң, анасы бірдеңе үйреткен, талап еткен кезде қарсы шығады – мұндай бала өзіне тым көп талап қоятынын біледі (екеу, не үшеудің орындайтынын талап етеді). Екінші нұсқасы: жан дүниесінде сұраныс емес, бір борыш бар екенін сезеді. Ол жетістікке жетуге тиіс. Атақты болуға тиіс. Өмірде бақытты болуға тиіс деген сияқты. Осы өмірде із қалдыруға бір күш итермелейді. Адам өз жүрегіне үңіліп, туылмай қалған аға-әпкелеріне: «мен сендер үшін де бұл өмірді сүрем» дейтіндей. Осы нәрсе оны талай бақытсыздығының себебі болады.

  • Егер сізден кейін аборт жасалып, туылмаған іні-қарындастарыңыз болған болса, онда отбасылық қарым-қатынас зардап шегеді. Адам өзі отбасы құрса да, онда өзін жайлы сезіне алмайды. Жұмыста да, достармен де, отбасыда да бір түрлі беймазалық орын алады. Себебі, адамның жаны өзінен кейінгі туылмаған балаға «ана» болып алады. Өйткені, шын анасы оларды көрмейді.
  • Егер алдында да, артында да туылмаған бауырлары болса, мұндай адамға тіптен қиын. «Табанымның астында жер қозғалғандай», «мына өмірден не керек екенін білмеймін», «өмір ұнамайды», «мен бұл жерде емес, басқа жақта жүргендеймін», «мынау өмір менікі емес сияқты» деген сияқты сөздер жиі айтылады.
  • Егер тірі бауырлардың ортасында аборт жасалса, онда олар бір-біріне суық болады. Кейде мүлде тіл табыса алмайтын жағдайға жетеді.

«Бір қозы артық туса, бір түп шөп артық шығады» дейді халық даналығы. Егер баланы қолдан ұрықтандырса, онда сатып алған адамның басынан бағы таяды деген жүйе бар. Түсік пен өлі туған баланың не кінәсі бар, оларды ешкім өлтірмеді дерсіз. Бірақ баланы дұрыстап жоқтай алмаған жұптар көбіне айырылысып кетіп жатады. Басында кінәліні іздейді. Бір-бірінен, дәрігерден, Құдайдан. Бірақ егер ол баланы ұмытып кетсе, оның жанға салған жарасы жазылмаса, әлі де толыққанды жоқталмаса, онда оның орнына келетін бала соның жүгін қоса арқалайды.

Мысал.

Клиент қарым-қатынас орнықтыра алмай жүрмін деді. Балаларымен де салқын екен. Ол өзінің орынбасарларын (заменяющий) реттеп қойған кезде ол әйел тек едендегі бір нүктеге қарайтыны белгілі болды. Клиенттің орынбасарын сонда жатқызғанда, әйел оның жанына барып жатты да, орынбасарын құшақтады. Анасы баласын құшақтағандай құшақтады. Сонда үлкен қызы жандарына барып, ол да құшақтап жатты. Баласы да солай еткісі келгенде оны әкесі тоқтатты.

Бірінші некеден өлі баласы болғаны анықталды. Оның қыз екенін ғана біліпті. Дәрігерлер оны анасына көрсетпепті де. Оны дұрыстап жоқтай алмаған. Осынша уақыт бойы сол қайғы жанын жегідей жеген. Сөйтіп, клиент тумаған қызына есім беріп, оның рухына дұға оқиды. Оның туған күнін есте сақтайтынын айтты. Осы жағдайды мойындаған соң ғана әйел күйеуімен, балаларымен дұрыс қарым-қатынас  орната алған.

Бұл тізбектен клиенттің жүрегі өткен өмірінде қалып кеткенін көрдік. Ешкім білмеген, көрмеген өткен өмір. Қайғысы жүк болып, жоқталмай қалған. Сол себепті үлкен қызы анасының артынан барған. Әйелдің денсаулығы содан нашарлаған. Баласы бірінші күйеуінің орнын басқан. Осы қадам арқылы ескі отбасы біріккен. Тек екінші күйеуі жалғыз қалған. Оған орын жоқ болып келіпті. Сондықтан екеуінің қарым-қатынасы орнықпай жүрген.Реттеу тізбегіне клиенттің бірінші күйеуін енгізеді. Онымен байланысты ұлы сезінген екен. Әйел ұлының өзін баласы сияқты емес, керісінше ер азамат сияқты ұстайтынын мойындайды. Үнемі қамқорлық танытып, өскенде саған үйленемін деуін естиді. Бірінші күйеуі реттеу тізбегінен түсіп қалған соң, оның орнын ұлы басқан. Балалар бірінші неке мен өлі туған әпкелері туралы білмеген. Әйел бірінші күйеуінің көзіне қарап, енді қыздарының есімі бар екенін айтып, күйеуіне алғыс айтып, сосын өз отбасына орала алды. Екінші күйеуі әйелінің енді тек өз отбасында қалатынына қуанды. Өмірде екінші күйеуі әйелінің бар-жоғын сезбейтінін көп айтыпты.

Тумаған баланың тақырыбы бұдан әлдеқайда терең. Оны әр отбасыда бөлек алып қарастырады. Бір нәрсе ғана маңызды. Әр адамның тізбекте өз орны бар. Әркім өз өмірін сүруі керек. Сонда адам рухани жетіліп, ашылады. Ол үшін кеткен адамның бәріне жүрегіңді ашып, дұрыстап қоштасу шарт.  Сонда өлі бала өлілер әлеміне өтеді. Ал, тірі адамның өзгенің өмірін жүк қылып арқалауы тоқтайды.

Қала мен дала, Шынар Әбілдә

Тағы да оқыңыз:

Әрбір дерттің қандай сыры бар: Уайымын сыртқа шығармайтындардың бауыры ауырады

Ғалымдар зияндығы есірткіден кем түспейтін тамақтарды жариялады

Ағзаны күрішпен қалай тазалаймыз?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр