Қазақстан алғаш рет дзюдодан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алғаш рет финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба жартылай финалда испаниялық Лаура Мартинес Абеленданы жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Жартылай финалдық бәсекеде отандасымыздың қарсыласы үш ескерту алып, жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Финалда қазақстандық дзюдошы Асунта Скутто (Италия) мен Ширин Букли (Франция) арасындағы кездесудің жеңімпазымен татамиге шығады.
Айта кетейік, Әбужақынова бұған дейін әлем чемпионаттарының финалында өнер көрсеткен емес. Оның еншісінде осыған дейін екі қола медаль бар болатын.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

