Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әнші Айқынға жақпай қалды

Дүниеден озған ұстаз Әбдіғаппар Смановтың жаназасы желіде қызу талқыланып жатыр. Басты себеп - дін қайраткерін ақтық сапарға шығарып салуға шамадан тыс адамның жиналуы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

айқын төлепберген

Шілденің алғашқы күні ақтық сапарға аттанған Әбдіғаппар Смановтың жаназасына жиналған жұрттың әрекеті әлеуметтік желідегілердің қызу талқысына түсті. Танымал  дін қайраткерімен қоштасуға келген халықтың қарасы Айқын Төлепбергенге жақпай қалған сияқты, әнші ғаламторда лезде тараған видеоға қатысты өз пікірін білдірді.     

"Жаны жәннатта болсын! Бірақ, біраз күтіп, 40-на да баруға болатын ба еді!" - деді Айқын Төлепберген. 

Алайда, Айқынның бұл жазбасы көпшіліктің көңіліне кірбің салған секілді. Олар отандық шоу-бизнестің өкілін жерден алып жерге салды. 

"Ақылшыл болмашы! Соңғы сапарға саған ешкім бармай қалса жақсы ма? "Қырық жыл қырғын болса да, ажалы келген өледі!" - деді желідегі оқырмандар.

Ғаламтордағы пікірталаста қос тарап бір-бірін түсінісе алмады. Төлепберген желідегі жұртпен жанжалдасуды жөн көрмеді, оқырмандар да оның сөзіне құлақ асуды қаламады.

"Әрине, әр адам өзінің денсаулығына жауап береді, бәрі Алланың қолында", - деп баруы мүмкін. Бірақ ол өзін ғана емес, үйге барғанда әке-шешесінің қамын ойлау керек деп ойлаймын. Егер үйінде әке-шешесі болса, үйінде үлкен кісілер болса, аурып жатқан адамдар болса, ондай жерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, өте сыйлы кісі, халық танитын үлкен кісі болғандықтан халық жиналған шығар. Бірақ, бұл жерде бәрібір сақтанғанды сақтайды деген бар ғой. Оның үстіне ағамыз сол аурудан қайтқан болып тұр. Егер тура сол аурудан қайтқан болғанның өзінде де бәрібір адамдардың сенбей барғаны қателік деп ойлаймын!" - дейді Айқын Төлепберген. 

Карантин кезеңіндегі діни рәсімдердің жиі талқыға түсуін түсіндіру үшін еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

"Әрине, адамның өмірі болғаннан кейін өлім болады. Егер ондай жағдай болып қалған кезде жақындарымен, аз адамдармен атқарып, дұғада, тілекте болсақ, ағайын! Әрине, қазақ халқы болғаннан кейін бата беру деген жолдары бар. Оны қазіргі таңда бата беру жолдарын бармай-ақ, қашықтықтан беретін мүмкіндіктер бар. Тек қана қазір бізге керекті мәселе – түсіністікпен қарап, карантин талаптарын қатаң сақтап, бір-бірімізді құрмет қылу. Бір-біріміздің өмірімізді сыйлау, денсаулығымызды сыйлау қазіргі уақытта маңызды болып тұр!" - дейді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. 

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап еліміздегі карантин шаралары қайта қатаң түрде күшейтілмек. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр