Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа: Көпшілік әпкеме бір-ақ күнде күйе жаға салды

Әбдіжаппар Әлқожа өзі мен өнер иелеріне сын айтатындарға құлақ аспайды. Себебі әркімнің өз таңдауы, ойы, өз өресі бар деп санайды. Ал ақылды адам біреудің мінін іздемейді деген ойда. 

Бұл туралы Әбдіжаппар Әлқожа "Опмай-опмай" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. 

Бұған дейін әншінің әпкесі Роза Әлқожа орамал тағып, жаулығын сахнада да шешпейтінін мәлім етті. Алайда ұзақ уақыт өтпестен орамалын шешіп, шашын жайып тастады. Мұны көрген тыңдармандары сынға ала жөнелді. 

"Не деген сұмдық, "орамалымды шешпеймін" дегені қайда?", "Орамалмен ойнауға болмайды", деп жазды олар. 

Ал Әбдіжаппардың айтуынша, ешкімнің біреуге ақыл айтуға құқығы жоқ. 

"Мен Розаға ештеңе дей алмаймын, ақыл айта алмаймын. Ол өзі біледі. Кім болса да бауырын ақтайды. Ол қанша уақыттан бері қазақтың орамалын, дәстүрін насихаттап келді. Бір-ақ күнде Роза жаман қыла салды. Кір іздегісі келетін адам, соны табады. Небір сауатты қолданушы бар, сауатсызы бар. Оның бәрін тыңдай берудің қажеті жоқ", - деді ол.

Әнші плагиат әндерге қатысты өз ойын айта кетті. 

"Менің 4 плагиат әнім бар. Шетелдің әні. Рұқсатсыз алғанмын. Бірақ ешкім ол үшін сотқа жүгінген жоқ. Біздің әндерді де шетелге көшіріп жүргендер бар. Бірақ одан ешкімнің ешнәрсесі қисайып қалған жоқ. Керісінше әніңнің өзге елде хит болып жатқанына қуану керек қой. Менің 150-ден астам әнім бар. Олар көп хит емес. Ал шетелдік әндер тез танылады", - деді әнші. 

 

Талқылау