Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа 5 жыл ауруханада жатқан кезін еске алып, көзіне жас алды

Сахнада жарқырап жүргенімен, әр өнер адамында бір басына жетерлік қасірет бар. Әрқайсысының сыры бөлек, мұңы басқа! Мәселен, небәрі 25 жасында Алматыдағы зәулім сарайда үлкен концерт берген Әбдіжаппар Әлқожа бала кезінде көп ауырған. Аурухана 5 жыл бойына Әбдіжаппардың мекеніне айналған. Тіпті, талай ақ халаттылар оның көпке бармайтынын ескерткен көрінеді.

Бұл туралы Hit-TV арнасының журналисі Нұржан Аташтың “Кездер-ай” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Есімім – Әбдіжаппар, Жаппар Алланың бір есімі. Аса құдіретті деген мағынаны беретін де осы есім. Есіміне қарап адам баласы абайлап, таза жүру керек екен. Маған осындай керемет есім қойылған, бірақ сол атты алып жүру де маған сынақ болды. Негізі бала кезде сыналғандардың көбісі өскенде елдің алдында жүретін балалар екен.. Бала кезімде Алла Тағала әкем мен шешемді сынады деп ойлаймын. Әкем жағдайы күшті еді, бір үйде екі көлігіміз, тракторларымыз бар, ауылдың Әбдіразақ деген беделді кісісі”, – деп бастады сөзін Әлқожаның кішісі.

Әбдіжаппар бала күнінде көршісімен төбелесіп, ақырында басынан жарақат алған. Айтуынша, көрші досы оның басынан таспен ұрып, миына қан қатып қалған.

“5 жасымнан бастап ауырдым. Қытайдың да, Қазақстанның да дәрігерлерін көрдік. Бармаған молдамыз жоқ. Қаншама дәрігерлер: «Балаңызбен қоштаса беріңіз», – деген. Әкемнің шашы бір-ақ күнде ағарып кеткенін көрдім сол кезде. Әкенің жылағанын, көшеде мен құлап жатқан кезде намыстанғанын көрдім”, – дейді Әбдіжаппар.

Әншінің айтуынша, әкесі оны емдету үшін бар дүниесін сатқан. Соңғы үмітін Ташкенттегі дәрігерлерге артқан Әбдіразақ ақсақал бұл ісіне ешқашан өкінбейді. Себебі:

“Жетісайға Ташкент жақын ғой. Ақыр соңында әкемнің дүниесі қалмады. Үйдегі трақторлар да, көліктер де, жылқылар да, қойлар да бәрі кетті. Соңғы бір үміт қой. Ташкентте бір дәрігердің барын естіп, ауылдың директорынан қарызға ақша алды. Сүйек болып қалғанмын, талып қалуға да әлім келмейтін. Судорога ұстап, дірілдейтінмін.

Ташкентке барып, белімнен бір екпе салды. Ұйықтап қалдым. Ол кезде түс ажырата алмайтынмын, жарықты сезбейтінмін. Көзімді ашып, анау сары түс қой дей бердім. Өзбек дәрігер әкеме: «Уайымдамаңыз, балаңыз жазылып кетеді», – деді. Сонда әкем әйел адамның алдында қатты жылады. Қуанғанынан не істерін білмей, ауылға барып үйден картоп, пияз алып келген. Ақшасы жоқ, рахметін солай жеткізді. Содан кейін Алла бақ берді ғой. Әкеме жақсылық жасауға тырысамын. Мен мінбеген көлікті әкем мінсін деймін. Алдыма не келсе, бірінші әке-шешеме жасаймын”, – дейді Әбдіжаппар.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова: Кей аналар баласының аузына барын тосып, қартайғанда жылап отырады

Жақын досы Айқынның екі отбасын асырап отырғанын ашық айтты

Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)

Белгілі қазақ актеріне үнді фильмінен рөл ұсынылды

Талқылау