Абай облысында жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылды
Семейде 2 қарашада жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды. Қазіргі таңда қыз аман-есен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның айтуынша, жасөспірімнің туыстары оның жоғалғанын тек екі күннен кейін 4 қарашада хабарлаған.
Іздеу жүргізген полиция, жоғалған адамның туыстары, еріктілер түні бойы қаланы айналып өтті. Валерия келесі күні сағат 12:00-де табылды.
Қызбен және оның заңды өкілімен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізіледі. Сондай-ақ жасөспірімнің мінез-құлқы Семей әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады.
2 қарашада 15 жасар Валерия Ефанова колледжге оқуға кетіп, үйіне оралмағаны айтылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған