Абай облысында мұз жарылып, суға батып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды
Абай облысында мұз жарылып, суға батып кеткен 5 жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
22 желтоқсан күні 12:54-те Үржар полиция бөлімінің "102" арнасына учаскелік полиция инспекторыны Таскескен ауылында балалардың бірі мұз астына түсіп кеткенін хабарлады.
5 жасар екі бала ауылдың шетінде орналасқан Қарақол өзенінде толық қатпаған мұз үстінде ойнаған. Осы кезде кенеттен мұз жарылып, балалардың бірі мұздың астына түсіп кеткен. Оқыс оқиғадан 3 сағаттан кейін еріктілер сәбидің денесін тапты.
“Баланың мәйіті құлаған жерінен 75 метр жерде мұз астынан табылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Аймақтағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы қазір 3 см-ге жетпейді екен. Полицейлер азаматтарды өз өмірлеріне қауіп төндірмеуге және мұзға шықпауға шақырды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі