Абай Бегейдің жүкті қызы зорлық-зомбылыққа қатысты видео түсіріп, жұртты шошытты
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер жақында тұңғышын дүниеге әкеледі.
“Жағдай осындай. Енең мезгілсіз үйге кеп қалғанда”, – деп жазды Сымбат. Видеодан блогердің бет-әлпетінің көгергенін көруге болады.
Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін аямай сынады.
“Өзің босанайын деп отырып, неге жағымсыз видео түсіресің”, “Әжем мұндайды “тәйт әрі” дейтін”, “Енесі болып ештеңе айтпағаны қызық екен”, “Тренд дегендерің бар болсын”, “Тым жақсы отбасы едіңдер, жағымсыз іс-әрекеттерің дұрыс емес”, “Ұрып-соғудан құдай сақтасын”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Абай Бегейдің қызы енесіне құны 1 миллион 500 мың теңгеге алтын сағат сыйлаған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады