Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай ауылында зорланған 7 жасар бала: Үш күдіктіге қатысты іс тоқтатылды

Бас прокуратура Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Прокуратуаның баспасөз қызметінің мәліметінше,  Ресей мен Қырғызстан, Грузия елінен шақыртылған сарапшылар мен балалар дәрігерлері тексеру жүргізді.

Ал, ұсталған төрт күдіктінің үшеуі 14 жасқа толмағандар. Сол себепті іс жабылды. Өйткені, зорлық ісіне қатысты 15 жастан бастап жауапқа тартылады. Күдіктілер қылмыс жасаған уақытта 15 жасқа толмаған.

Іс бойынша барлығы 14 кешенді сараптама тағайындалып, 4 түрлі тексеру жүрді.

Одан бөлек медициналық, психологиялық-психиатрлық, биологиялық, молекулярлы-гендік сараптама жүргізілді.

Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып арызданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін Түркістан облысы Абай ауылында тағы бір жеткіншек зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанынайтып, көмек сұрады. Бас прокуратура Абай ауылында зорланды делінген екінші балаға қатысты пікір білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау