Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура Абай ауылында зорланды делінген екінші балаға қатысты пікір білдірді

ҚР Бас прокуратурасы 16 жастағы баланың зорлану оқиғасына қатысты жағдайды айтты.

Фото: Евразия арнасы

Қадағалаушы орган жәбірленуші баланың отбасы атынан 2016 жылы желтоқсан айында, 2017 жылы ақпан, маусым айында арыз түскенін айтты, деп хабарайды Sputnik.

Екі арыз облыстық прокуратураның қарауына жіберілді. Үшінді арыз бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша Түркістан ҚІІБ Ішкі қауіпсіздік департаменті істі дұрыс шешу үшін жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуде», – делінген прокуратураның хабарламасында.

Бұған дейін Түркістан облысы Абай ауылының тағы бір тұрғыны зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанын айтып, көмек сұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау