Абат Айымбетов еуропалық клубқа ауысты
Түркияның "Адана Демирспор" клубы "Астана" және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Адана Демирспор” баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 1,5 жылға жасалды.
"Біздің отбасымызға қош келдіңіз! Сізге сәттілік тілейміз!", – делінген клубтың хабарламасында.
"Адана Демирспор" 23 матчта 31 ұпай жинап, Суперлига кестесінде сегізінші орында тұр. Қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер болып есептелмейді. Абат"Қайрат" пен "Ақтөбеде" де ойнаған.
Өткен маусымда шабуылшы "Астана" сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

