9-қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы басталды
Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының алау жағу рәсімі басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, алау жағу шарасы Харбин қаласының "Күн аралы" ұлттық саябағында өтті.
Салтанатты рәсім барысында алау эстафетасы мен "цифрлық эстафета" ресми түрде іске қосылды.
Айта кетейік, "цифрлық эстафетаға" әлемнің барлық елінен қатысуға мүмкіндік бар. Вичат желісі арқылы қатысушылар электронды сертификат және арнайы сыйлықтар алады.
Еске салайық, IX қысқы Азия ойындары Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.
Бәсеке 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Дүбірлі додада спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Азия ойындарына Қазақстаннан 139 спортшы қатысады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған

