9 наурыз күні қандай мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді: Президент тапсырмасына түсініктеме

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли президенттің мерекеден кейін келетін демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа шығуы туралы твитіне түсіндірме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін басқаша есептейтін болды

 

Сөзінше, бірнеше күнге созылатын мереке мен одан кейін келетін демалыстар кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетсіздігі мемлекет басшысының осы жазбасына себеп болған.

Бүгінде еліміз көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын білесіздер. Мұның бәрі барлық мемлекеттік құрылымдардың шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеуін талап етеді.

"Сондықтан президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде президент әкімшілігінің, үкіметтің, министрліктердің, мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр. Осы ретте, Қазақстанның заңнамалары толық сақталуы тиіс", - деп жазыпты Берік Уәли.

«Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады.

Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс. Аталмыш заңның 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Осылайша еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болады.

"Жалпы заңнама өзгермейді. Мемлекет басшысы ондай тапсырма берген жоқ.
Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа еңбек этикасын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің барлық азаматтарын еңбекқорлық пен жауапкершілік идеологиясын ілгерілетуге шақырғанын атап өткім келеді", - деп қосты президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты тәртіпті қайта қарауды тапсырған еді. Өз сөзінде президент 9-наурыз күні мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығу керек деп айтыпты.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнуар Нұрпейісов Қазақстанға оралды

Актер шетелде немен айналысқанын айтты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 600-ден асты

Ауру жұқтырған тағы 20 адам тіркелді

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққандардың бойында байқалатын аурудың қосалқы белгілерін атады

Аурудың бұл белгілері де қауіпті болуы мүмкін

Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады

Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты

Өскеменде оқшауланған үйдің тұрғындарына алкоголь жеткізуден бас тартылды

Өскемендегі Потанин көшесіндегі карантинге жабылған үйлердің бірінің тұрғындары полицияның қызметіне наразы

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші: Досым үйіне 5 қант ұн алып қойыпты

Серік Ахметов Гүлшара Әбдіқалықованың орынбасары болды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ата-анасы ұл балаға коронавирустың құрметіне есім берді

Ерлі-зайыптылар бұл есімнің өзгеше әрі мықты энергетикаға ие екеніне сенеді

ШҚО-да бөлімшесін өз еркімен тастап кеткен сарбаз ұсталды

Әскери бөлімінің қарапайым әскери қызметкері әскери атыс полигонында қызмет етіп жатқан жерінен өз еркімен кетіп қалған

"Голос країни" шоуында өнер көрсеткен алматылық таксист әділқазыларды тағы да таңғалдырды (видео)

Монатик: Жеңіске жеткізетін орындау болды
Çàãðóçêà...