Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"83-тегі Аманның інісімін": Әбдіжаппар Әлқожа қос бірдей ағасына көлік сыйлады

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа туған екі ағасының тойында ерекше тарту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Өнер иесі туған ағасының тойында тілек айтып, балалық шағынан сыр шертті. 

"Мейірімсіз өскен баладан, маңырап жүрген мал артық. Тәртіпсіз өскен баладан, тәртіппен өскен тал артық" демеуші ме еді дана қазақ. Аллаға шүкір, менің екі ағам бар. Анам бізді мейіріммен өсірген, әкем бізді тәртіппен, тәрбиемен өсірген. Осылай болу керек шығар деп шештім. "83-тегі Аманның інісімін" деп мақтанып өстім. Ал өнерде "Розаның інісімін" деп жүремін. Ағам мен ауырғанда арқалайтын. Үлкен тауым бар екенін біліп, марқайып жүрдім. Аллаға шүкір, екі ағам бар. Студент кезімде Бейбіт ағамның қолында жүрдім. Өзі 80 мың теңге айлық алады, сөйтіп жүре тұра мені көтермелеп, қолдау білдірді. Сол үшін мен екі ағама темір тұлпардың кілтін табыстаймын", – деп жүрекжарды тілегін айтты әнші.  



Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің мәрттігіне ризашылықтарын білдірді. Қос бірдей бауырына салоннан көлік сыйлаған әншіге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

 "Ата-аналарына рақмет, бір-біріне бауырмал балаларды тәрбиелепті", "Көзіме жас келді, мәрттігіңізге ризамын", "Қандай әдемі көрініс болды! Жарайсың!", "Ағалы-інілі боп, сыйласып жүргенге не жетсін?! Нағыз азаматтық сауапты іс жасапсың", "Осылар сөз сөйлегенде еркек бастарымен неге жылап шығады екен?", "Бар боп тұрса бергенге не жетсін! Әбдіжаппар, жарадың!" деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп сынаған әріптесіне жауап берді. 

 

Талқылау