80 литр қан тапсырған: Әлемде ең көп рет донор болған әйел анықталды
Канададағы Альберта провинциясының 80 жастағы тұрғыны 60 жылға жуық уақыт бойы үнемі қан тапсырып отырған. Ол Гиннестің әлемдік рекордын орнатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі UPI сайтына сілтеме жасап.

Гиннес рекорды кітабына сәйкес, 80 жастағы Джозефина Михалюк 1965 жылы 22 жасында қан тапсыра бастады.Ол барлығы 203 бірлік қан тапсырды. Ал қан бірлігі – шамамен 450 мл. Михалюктің айтуынша, оны алғаш рет қан тапсыруға әпкесі көндірген.
Михалюктің қан тобы (o+) сұранысқа ие. Әйел өзінің қаны басқа адамдарға көмектесетініне қуанышты.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”