8 жасар қазақстандық қыз "Әлемдік супермодель-2021" байқауында жеңімпаз атанды
Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғыны 8 жасар Мариям Ишанғалиева Сочиде өткен "Супермодель-2021" әлемдік жас арулар байқауының бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Фото: © atpress.kz
Жарысқа әлемнің 25 елінен қыздар қатысты. Байқау визиттік карта, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш турда өтті.
Анасы Мариям Ишанғалиеваның айтуынша, дефиле кезінде қызы "Адай" күйімен сахнаға ұлттық киіммен шыққан. Қазылар алқасының пікірінше, жас қазақстандық лайықты жеңіске жетті. Мәриям Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сыныбында оқиды.
Ол сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ, оның түрлі атақтары бар.

Қазақстан қалаларында да сұлулық байқауының жеңімпаздары анықталды. Бұған дейін "Астана аруы – 2021" атағын 21 жастағы Айдана Ахантаеваға бұйырғаны белгілі болған. Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Шымкент және басқа да қалаларда ең сұлу қыздар таңдалып үлгерді.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті