"Аймақтың тарихынан хабардар болмадым": Отандық ғалым мектеп оқулығында жіберген қателігін түсіндірді
Қазақстан тарихы пәні бойынша 8 сынып оқушыларына арналған оқулықта табылған қателер түзетілетін болады. Бұл туралы Атырауда өткен жиналыста Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының директоры Зиябек Қабылдинов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Прикаспийская коммуна" басылымына сілтеме жасап.
Аталған кітапта Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс жайлы жіберліген өрескел қателіктер анықталыпты. Оқулықтың беттерінде Махамбеттің Атырау облысындағы жерленген жері мен уақыты туралы ақпараттар дұрыс емес болып шыққан.
"Мен оқулықты құрастырып шығарған авторлардың бірімін, өз тарапымыздан жіберілген қателіктерді түзетеміз деп сөз беремін. 2007 жылы мен Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеп жүрген кезімде мені шақырып алып, "сен Қазақстан тарихын зерттеп жүрген ғалымсың ғой, сол себепті оқулық жазып шығаруың керек" деп айтты. Мен уақытымның тығыздығына байланысты бас тартқанмын. Бірақ артынша келісуіме тура келді. Үш айдың ішінде оқулық құрастырып шығардым. Өзімнің оқулықты ғылыми мақалаларға негізделіп жазғанымды мойындаймын, бұл кезде мен аймақтың тарихынан хабарсыз едім", - деді автор.