70 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты екі жақта жатып бір сәтте көз жұмды
Ұлыбританияда егде жастағы әжей күйеуі қайтыс болған соң 4 минуттан кейін көз жұмды. Олар 70 жыл бірге тұрған.
Бұл кезде ерлі-зайыптылар екі жақта болған. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 93 жастағы Уилф Расселл Лестершир графтығындағы қарттар үйінде болған. Ал, жұбайы 91 жастағы Вера Расселл қаңтар айынан бері емханада жатқан.
Туыстарының айтуынша, әжей кездесу кезінде жолдасының өзін танымағанын байқаған соң бірден нашарлай бастаған.
29 наурыз күні таңғы сағат 6:50-де жолдасы Уилф өмірден озды. Ал, Вера патшалық лазаретте жатып 4 минут өткен соң 6:54-те көз жұмды. Ол күйеуінің өмірден озғанын естімей кеткен.
Уилф 18 жасында 16 жастағы болашақ жарымен некелескен. Алайда, олар тек 1945 жылдың 5 қыркүйегінде соғыс аяқталған соң үйленген.
Жіберіп алмаңыз:
Жапониялық егде ерлі-зайыпты 37 жыл бойы бірдей киініп келе жатыр (фото)
17 жыл бірге тұрған әйел күйеуінің жасырын үйленіп алғанын Фейсбуктан білген
Дәрігерлер теңізден табылған 4 күндік шақалақтың өмірін құтқарып қалды