70-тен асқан алматылық қария елу жылдан бері қақаған аязда жалаңаяқ шынығып келеді

Алматылық қария қысы-жазы жалаңаш жүгіріп, жалаң аяқ жаттығуды әдетке айнладырған. Жұртты ширақтығымен таңғалдырған оны "морж" деп атап кетіпті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Бұл туралы«Еуразия» бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Жасы 72 келген қарияның жүгіруді әдетке айналдырғанына жарты ғасырдан асыпты. Сол уақыттан бері жылдың кез келген мезгілінде әдетінен жаңылмаған. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында туып өскен Сепболсын Ақашев жүгіруді мектеп кезінен бастаған. Кейінен шешініп жүгіре бастағанда ата-ана ауырасың деп ұрысыпты, кейін қойды дейді.

"Футболды бастадық содан бастап таңертең жүгіретін болдық қой. Мұғалімдер айтатын таңертең жүгіріңдер деп. Мектеп пен үйдің арасы 4 километр болатын 3,5-4 километр. Соған жүгіріп барып , жүгіріп келіп, суға шомылып, содан бастап жүрдік қой. Кейіннен келе-келе шешініп жүгіретін болдық. Шешініп жүгірем", - деді Сепболсын Ақашев.

Бір қызығы қонаққа барса да, бала-шағасының үйіне қыдырып келсе де жүгіруді тастамайды. Қыста Нұр-Сұлтан қаласының көшелерінде, Көкшенің әсем табиғаты аясында да жүгірген. Бірақ арқаның аязы шешініп ұзақ жүруге дес бермепті. Жүгіру әр күн жейтін тамағыңдай, оқитын намазығдай болу керек дейді. Бірнеше шақырымды артта қалдырған соң біраз жаттығу жасап, қайта жалғастырады.

"Астанада бәрі айтады ауа темпретурасы минус 38-40 деп жатады. Мен соған сәл сене бермеймін. 35-36 аспайтын сияқты. Бірақ желі жаман. Жел болғанда қақырап денеңді тілгендей болып тұрады. Шымырлатып жібереді денеңді. Ол жерде жарты сағат максимально шыдайсың. Жарты сағаттан кейін шыдай алмайсың", - деді қария. 

Сепболсын Ақашевті күнделікті саябақта көретін тұрғындар таңданыстарын жасырмайды. Алматының аязында киіммен жүріп тоңып жүрсе, жалаңаштанып жүретін жалғыз өзі ғана. Сондықтан мұнда келетіндер келетіндер ол кісіге қызыға, қазғана да, таңырқайда қарайды.

"Осында көп зейнеткерлер жүреді. Соның бірі жаңағы Сәкен. Менің құрдасым. Таңертең екі-үш сағат жалаңаш жүгіреді. Мен қалжыңдап қоямын сен тоңбайсыңба деп, тоңбаймын дейді.Осындай өзін-өзі шынықтырып, өзін-өзі өмірге икемдеген өмір сүру үшін күрексен зейнеткер адамдар көп болсын деп тілейміз", - деді тұрғын Мұсахан Иманқұлов. 

Спорт - денсаулық кепілі. Осындай ұстаныммен жүретін зейнеткер жүгіруді өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған. Соның арқасында осы уақытқа дейін ауырып, төсек тартып көрмепті. Ал ауырған кезде моншаға барып емделеді екен.

"Моншаға барамын. Ол медицинаның жолында противопоказано, қарсы. Ол суық тиіп, гриповать еткенде моншаға түспе дейді. Ол енді адамның үйренгеніне байланысты. Мен оларға қарсы бірдеңе айтқым келмейді. Медиктер біледі ол кісілер бәрін түсінеді. Олар жаппай халыққа айтады. Оның ішінде адамдар бар шынығып жүрген. Орыстарда сондай ғой. Еуропаның көбінде сондай", - деді Сепболсын мырза. 

Тұңғыш Президент саябағын бір айналып шығу 4 шақырым. Жазда төр рет айналса, көктем күзде екі рет, ал қыста бір айналып шығады. Одан кейін міндетті түрде белтемірге тартылып, кеудесін жерден көтеріп, біраз шынығады. Содан кейін ғана жаттығуын аяқтайды.

Сепболсын ақсақал жүгірудің алдында нәр татпайды. Жаттығуды аяқтап үйге оралған соң міндетті түрде суға шомылып, ыстық шәй ішкенді ішеді. Балалары жұмысқа, немеререлері мектепке кететіндіктен кенже немересін ермек қылады. Ал жастарға ауырып ем іздегенше салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр