Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Милана Давыдованы өлтірген ер адам сотта қолын кесіп тастады

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. 

"Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

"Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші – 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған ер адамның өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны туралы жазған едік. Ал қыздың анасы қылмысқа сыбайлас болғаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылар өз кінәларын мойындамаған.

Талқылау