61 мың теңгеден ақша жинаған: Алматыға жарысқа келген қырғызстандық спортшылар жағдай жасалмағанына наразы
Алматыға армрестлинг бойынша чемпионатқа барған қырғызстандық жасөспірімдердің ата-аналары спортшыларға жағдай жасалмағанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reporter.akipress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымдастырушылар спортшылар қонақүйлерде тұрады деп төлем алған, бірақ келген кезде жағдайы нашар хостелдерге орналастырған.
"Бүгін Алматыда өткен әлем чемпионатына келдік. Түсініксіз жағдай орын алды. Әр спортшыдан төрт күн қонақ үйде түнеу үшін 11520 сом (61 мың теңгеге жуық) алды. Бірақ бізді төрт түн үшін 12000 теңге болатын хостелге орналастырды. Қалған 48 мың қайда кетті? Мұнда 85 спортшы бар, демек 85×9120=775 200 теңге жоқ”, – деді қырғызстандық.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған