Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

600-ге жуық қазақстандықтың шетелдегі есепшоттары туралы барлық ақпарат белгілі болды

600-ге жуық қазақстандықтың шетелдегі есепшотына қатысты мәлімет алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

“Қайтарылуы тиіс" деректі фильмінде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың шетелдегі қаржылық операцияларына қатысты мәлімет алу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

"Бүгінде Қазақстан Страсбург конвенциясына қосылды. Оған сәйкес, мемлекеттер өзге елдің резиденттерінің қаржылық операцияларымен алмасады. Біз бүгінде 600-ге жуық қазақстандықтың деректерін алдық, олардың қай елде және қандай мәміле жасағанын, шетелдік есепшотына қанша қаражат түскенін біліп отырмыз. Мұның үстіне осы 80 елдің оффшорлық юрисдикциясы бар екендігін айта кеткім келеді және жыл сайын аталған конвенцияға қосылып, дерек алмасатын елдердің саны артып келе жатыр. Барлық ел тазарғысы, шынайы, таза табысты көрсеткісі келеді. Бүкіл мемлекеттер алаяқтық, капиталды жылыстату фактілерін тыйып жатыр. Бұл — жалпыәлемдік тенденция", — дейді вице-министр.


Қазақстан шетелдегі жүз шақты ғалымды қайтарып алуға ниетті

Талқылау