6 жасар бала көз жұмған анасымен бірге 5 күн түнеген
Кішкентай бала қайтыс болған анасымен бірге пәтерде бес күн жатты. Оқиға Башқұртстанның Янаул қаласында болды.

Алты жасар бала барып жүрген балабақша тәрбиешілері оның бірнеше күн бойы келмегенін байқайды. Әлденеден күдіктенген олар баланың анасының құрбысына хабарласады.
Олар пәтерге бірге келгенде, баланың анасының қайтыс болғанын көреді. Ал, қасындасы баласы өте әлсіз күйде табылды.
Жергілікті билік өкілдері хабарлағандай, бала бастақыда анасы ұйықтап кетті деп ойлаған. Одан кейін әлсіреп қалғандықтан көмек шақыруға күші жетпеген.
Қазіргі уақытта жетім бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Туыстары баланы өздері асырап алатындарын айтты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды