Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"6 миллион теңге бергенімізді айтпай-ақ қояйық": Ерке Есмахан су тасқыны кезінде не үшін 200 мың теңге бергенін түсіндірді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмаханның басы дауға қалды. Су тасқынынан зардап шеккендерге 200 мың теңге аударған өнер иесін оқырмандары сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Оның сөзінше, әлеуметтік желіде танымал адамдар қанша көлемде қайырымдылық жасағаны жазылған тізім тарап кеткен. Алайда әнші жұбайымен бірнеше есе көп қайырымдылық жасағанын айтып, ақталды. 

“Екі-үш күн бұрын ақша берген әншілердің тізімінде қырғын адам тұр. Соның ішінен Ерке Есмахан 200 мың берді дегенді көріп, дәл соны жаңалық етіп, интернетке шығарыпты. "Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті" деп шулап жатыр екен. Неге ел үнемі мені ғана сөз етеді осы? Енді сіздер "Ұят!" деп отырған 200 мыңға дейін қаншама көмек кетті бізден. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сома шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. "Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болар еді" деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей "Алла білсе болды, адамдар сөйлей береді. Жайбарақат отыра берші" дейді. Әйел адамбыз ғой, қалай жайбарақат отырамыз", – деп жазды әнші. 



Өнер иесі әншілердің ақша жинауын қолдамайтынын айтып, міндетіне кірмейтінін еске салды. 

“Бір қызық әңгіме айтайын. Бір отбасыға тұрақты түрде көмек беріп тұратынмын. Көпбалалы отбасы. Азық-түлік, киім-кешек, ет берем. Апта сайын мешітте қой соямыз ғой, 4 бөлікке бөліп, мешітке және керек отбасыларға жібереміз. Дәл солай жаңағы отбасыға тағы ет жібердім. Бір кезде әйелі "Қойдың етін енді жібермеңізші, жей алмаймыз уже. Жылқының еті болса, беріңіз" деп хат жазып жіберіпті. Шок алып, шалқамнан түсіп, боқтап, нервімнің басыма шапқаны есімде. Сондықтан көмектессең де, жақсы атты болуың екіталай", – деп түсіндірді мега жұлдыз.

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Желі қолданушыларының "200 мың берді" деп шулауына таяуда алған 12 миллион теңге тұратын сөмке сатып алғаны себеп көрінеді. 

"Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы сөмкеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам", – деп әзілдеді әнші. 

Талқылау