6 мамырдан бастап елордалықтарға қытайлық Sinopharm вакцинасы егіледі
6 мамырдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде Hayat-Vax деген атпен шығарылған қытайлық Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін қол жетімді болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Нұр-Сұлтан" қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов мәлімдеді.
"Қазір әкімшіліктің қоймасына қытайлық Sinopharm өндірушісінің вакцинасы жеткізілді. Ертеңнен бастап біз халықты осы вакцинамен вакцинациялауды бастаймыз", - деді Тимур Муратов.
Ол қала тұрғындары өздері қалаған вакцинаны таңдай алатынын айтты. Оған қоса, Тимур Муратов вакцина ерікті түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес