"Дүңгіршекте операция жасаған": Таразда сот бірнеше адамның бетін тіліп тастаған үш косметологқа үкім шығарды
Таразда сот бірнеше адамға ота жасаған үш косметологқа үкім шығарды. Олар медициналық білімі жоқ бола тұра пластикалық операциялар жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Время порталынан алынды
Тараздық Жазира Мұратбекова осындай ота жасатып, бір өлімнің аузынан аман қалған.
Әдеттегі косметологқа бару оның басынан қорқынышты оқиғаның өтуіне себеп болды. Ол Instagram-нан New face деп аталатын косметологиялық орталықты тауып, оның қызметіне жүгінеді. Оның иесі Назгүл Оразалиева өзін 20 жылдық еңбек өтілі бар хирург ретінде таныстырады. Бір қызығы, Жазира 30 жастағы қыздың мұндай тәжірибесі болуы мүмкін емес екенін ескермеген. Ол әлеуметтік желідегі парақшаға қарап, қорқатын ештеңе жоқ деп ойлайды.
“Мен косметолог бет терісін кесуге кіріскен кезде бірдеңе болып жатқанын түсіндім, мен отаға келісім бермеген едім. Маңдайдағы әжімдерді тегістеу үшін ботокс инъекциясын алғым келді. Косметолог маған инъекция жасаған кезде, кейінірек лидокаин пайда болды. Мен оның жасап жатқан отасын ботокс деп ойладым. Маған ботокста осылай болуы керек екенін, терінің бір бөлігі кесілетінін айтты. Екі аптадан кейін тігістен жіпті алып тастауға келгенде, тыртық көрініп тұрды. Назгүл тыртық бір жылдан кейін кетеді деп сендірді. Бірақ ол әлі бар, сол күйі кетпеді. Осы процедура үшін мен 560 мың теңге төледім”, - деді Жазира сотта.
Жәбірленуші бастапқыда құны 30 мың теңге ғана тұратын ботокс жасатпақ болған. Бірақ оны басқа да процедуралардың қажет екеніне сендіріп, Жазира несие рәсімдеп, жоқ соманы жоқ күйеуінен сұрап, 560 мың теңге төлеген.
Жазира ауыр операциядан кейін бір жылға жуық уақыт емделді. Жазира Мұратбекова Назгүл Оразалиевадан бұрынғы келбетін қалпына келтіруін талап етті. Ол бас тартпады, бірақ әртүрлі сылтаулар айтып, кездесуден қашып жүрді.
Көп ұзамай Жазираны бас ауруы мазалай бастады. Дәрігерлер МРТ-ға түсіріп, сұлулық салонында жасалған отадан түскен тігіс тамырдың жүйке жүйесін зақымдағанын анықтады.
Жалған хирургтан зардап шеккен тек Жазира емес. New face маманына жүгініп, аузы күйгендердің бірі – Жәмилә Ярыгина. Ол салонға булхорн деп аталатын процедураны жасатпақ болады. Бұл – үстіңгі ерінді түзетуге арналған пластикалық отаның бір түрі. Отаны Назгүлдің оқушысы Абзал Кеншімбеков жасады. Жәмиләда да Жазираның оқиғасы қайталанды, оның ернінің үстіндегі тыртық қалып қойған. Жәмилә салонға келіп шағымданғанда, оған өзін дұрыс күтпегендіктен осылай болғанын айтқан.
Тергеу барысында Абзал хирург емес, массаж терапевті екені белгілі болды. Ол біраз уақыт №5 қалалық емханада медбике болып жұмыс істеген. Бірақ операция жасауға өажетті кәсіби білімі болмаса да ол “хирург” ретінде тоғыз адамға ота жасаған. Бұл ресми түрде шағым жасаған, анықталған адамдар саны.
Сондай-ақ сот талқылауы барысында Оразалиевтің медициналық білімі жоқ екені анықталды. Дәлірек айтсақ, ол Астана медицина университетінде төртінші курсқа дейін оқып, оқуды тастап кеткен. Біраз уақыт астаналық "Стелла" салонында жұмыс істеді, ол 2017 жылы Таразға оралып, түрлі сұлулық салондарында еңбек етті. 2019 жылы атақты косметологтан оқып, өз салонын ашуға шешім қабылдады. Біраз уақыттан кейін өзінің қасына мектептен бері келе жатқан танысы Үміт Келімбетованы алады. Ол липосакция мен брахиопластиканы (салбырап тұрған теріні көтеру) қалай жасау керегін білетінін айтып, қыздар бірге жұмыс істеуге келіседі.
Оразалиева табыстың 70%, ал Келімбетов 30% алатын болып келісті.
Біраз уақыттан кейін оларға Кеншімбеков қосылды. Олар сондай-ақ Ресейден келген эстетик-косметолог Анастасия Соколованы командаға қабылдады. Оразалиева оларға операция жасауды үйретіп, теріс салдары бар операцияларды өз бетінше жасай бастайды. Барлық ота жасаушы мамандар Оразалиевада 70/30 шартымен жұмыс істеді.
Судья Бағдад Төребекұлы жәбірленушілерден ғана емес, сарапшылардан да жауап алынған талқылаулардан кейін сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген деген қорытындыға келді. Назгүл Орозалиева төрт жылға бас бостандығынан айырылды, оған алты жыл бойы медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Абзал Кеншімбековке үш жыл беріліп, бес жыл медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Анастасия Соколова да үш жыл алды, оған алты жыл бойы медициналық қызметпен айналысуға тыйым салынды. Оразалиева зардап шеккендерге материалдық залалды өтеуі керек.
Айта кетейік, біз бұған дейін Көкшетау тұрғыны сұлулық салонына барамын деп өмірімен қоштаса жаздағанын жазған болатынбыз.