"500 мың теңге": Алып-сатарлар Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып жатыр
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билет сатуға қатысты дау әлі басылмай тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне билет сатып алу кезінде Ticketon.kz сервисінде техникалық ақау пайда болған еді. Сервистің негізін қалаушы Алексей Ли Threads-тағы парақшасында ақаудың себебін түсіндірді. Ол әншінің жанкүйерлерінен кешірім сұрап, қолайсыздықтың орнын толтыратынына уәде етті.
Алайда Instagram желісінде алып-сатарлардың жарнамасы тарады. Ол жақта билет құны 500 мың теңге көрінеді. Осылайша ол VIP орындарға билеттер ұсынып, фан-зонаға билет те сататынын айтқан.
-
"4 сағат күте тұрыңыз": Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт істен шықты
-
Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінің билет бағасы белгілі болды
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Еске салайық, америкалық әншінің концертіне билет бағасы 40-150 мың теңге аралығында болды. Ең қымбат билет – 150 мың теңге. Әлемдік музыка супержұлдызының концертіне билет орташа есеппен 80 мың теңге тұратынын жазған едік.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі